Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жүсіпбек Аймауытов: Әркімдікі өз қамы

0 615

Көк, сұр бұлттар көбейіп, шоғырмақтала, салмақтана бастады. Сөз жоқ, жаңбыр жауғалы тұр.

Тезек терген екі бала қаптарын толтыра алмай:

– Құрып қалғыр, тағы жауғалы келеді, – деп, үйлеріне қарай томпаңдады.

Малдан келе жатқан Шопанбай бір көзін қысып аспанға қарап:

– А, Құдай, жауса игі еді, береке болар еді, – деді.

Құртын өреге жаңа ғана жайып болған Қатша кемпір:

– Құдайдың күні құтырып кетті ғой!, – деп, текеметін ала жүгірді.

Егін салған шаруалар:

– Әй, бір төгіп берсе, еңбегіміз жанар еді, – десті.

Балшық басып, кірпіш құйып жатқандар:

– Қап, мына бұлттың түрі жаман, балшықты ағызады-ау, – десті.

Шөлде арбасының дөңгелегі сылқылдап, шабақтары қайта-қайта түсіп келе жатқан бір қалашы:

– Ай, бір тас қып берсе… ,-деді.

– Кептірмеді-ау! – деп, кір жайған қатындар кейиді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.