Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Биылғы үрдіс бұрынғыдан өзгерек

0 556

Рамазан айында сауабы мол амалдардың бірі – Құран Кәрімді бастан аяқ оқып хатым жасау.

Бұл үрдіс ардақты Алла Елшісінің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесі. Аталмыш сүннет амалға байланысты Рамазан айын «Құран айы» деп те атайды.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде Рамазан айында ақсақалдар, шәкірттер, әйел-қыздар секторы арасында Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан.

Ораза айы басталысымен мешіт ұстаздарының басшылығымен бұл үрдіс өз жалғасын тапты. Игі шараға мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері, Ақсақалдар институты, Аналар институты, әйел-қыздарға арналған сауат ашу курсында білім алушылар атсалысуда.

Биыл күніге бесін намазынан кейін үлкен залда  жамағаттың қатысуымен Құран хатым жасалуда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.