Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тарауық намазына қатысқан жамағатқа тегін автобустар шығарылды (Фото)

0 1  605

Еліміздің барлық мешітінде айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында отыз күн Құптан намазынан кейін 20 ракағаттан тұратын Тарауық намазы оқылады. Аталмыш намаз кеше, яғни 5-мамыр күні Құптан намазынан кейін басталды. Тарауық намазы оқылып біткен кезде, қала ішіне қатынайтын автобустардың тоқтап қалуы себепті, жыл сайын мешіттерден қала ішіне арнайы автобустар қарастырылып келеді.

Биыл да Елордалық тұрғындардың Тарауық намазын мешіттерде жамағатпен оқуына жеңілдік жасау мақсатында, Қала әкімшілігінің қолдауымен Жол және көлік департаменттері және қалалық автопарктердің демеушілігімен қаланың әр бағыттары бойынша арнайы автобустар шығарылды. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де Тарауық намазынан кейін жамағатқа арналған көліктер қарастырылған. Тарауықтың алғашқы күнінен бастап оқылған Құран хатымға қатысқан елордалықтарды әр бағыттар бойынша тасымалдануда. Дәлірек айтсақ, бірінші бағыт – Оңтүстік-шығыс, екінші бағыт – Көктал-1, Көктал-2 тұрғын үй алабы бағыты және үшінші бағыт – Нұр-Сұлтан вокзалы, «Ет комбинаты», «Кирпичный» бағытары бойынша автобустар қатынайды.

Осылайша арнайы көліктер ай бойы Тарауық намазына қатысқан жамағатқа тегін қызмет көрсететін болады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.