Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы басталады

«Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы басталады

0 48

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі барлық мешіттерде 1 маусымнан бастап балаларға арналған «Имани жаз» діни сауат ашу курсы басталады.


Курс барысында оқушылар «Имандылық әліппесі» және «Азбука веры» кітапшалары негізінде білім алады. Дәріс барысында Алланың көркем есімдері, мақал-мәтелдер, ғибратты әңгімелер, сондай-ақ әдеп пен көркем мінез негіздері үйретіледі.

Оқу мерзімі: 1 маусымнан басталады.

Сабақ уақыты: аптасына 5 күн, сағат 10:00–14:00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Қабылданатын жас:

10–15 жас аралығындағы мектеп оқушылары

Оқу тегін

Құжат қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.

дереккөз: muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.