Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Жақсылыққа жарысайық» акциясы 100 отбасына көмек көрсетті (фото)

0 2  035

Қасиетті Рамазан айы – қайырымдылық айы. Сондықтанда бұл мүбәрак ай басталғалы елордалық атымтай-жомарт азаматтардың демеушілігімен мешітімізде қайырымдылық акциялары жиі өткізіліп келеді. Естеріңізге сала кетейік, ораза басталған күні «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты акциясы бойынша 20 отбасына қайырымдылық көмек берілсе, өткен аптада «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы бойынша 100 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық көкмек көрсетілген еді.

Осы ізгі шараның жалғасы ретінде, Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен және демеуші азаматтардың қолдауымен көп балалы аналар, асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандар және мүгедек  т.б әлеуметтік жағдайы төмен 100 жанұяға отбасына азық-түлік пакеті үлестірілді. Әрбір отбасына (ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер т.б.) табысталды.

Аталмыш игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының  КММ  басшысы Жапал Долиев арнайы қатысып, акцияға жиналған жандарға және демеуші азаматтарға жылы ілтипатын білдірді. Содай-ақ, Бас имам Нұрлан Бекболатұлы «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы Рамазан айы бойы жалғасатындығын және қайырымды да жомарт жандардың аталған шараға атсалысуыға шақыратынын жеткезді.

Көмек алушы отбасылар бұл игі шараның Рамазан айында берілуі ораза құлшыдығымызды атқаруға септігін тигізеді дей келе, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.