Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ (ФОТО)

0 934

Жастар жылы аясында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен «Әз Пайғамбар хақ жолы» атты кітап жарық көрді.

ҚМДБ-ға қарасты «Имам Матуриди» ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген бұл кітап – Осман мемлекетінде өмір сүрген ханафи мәзһабының ғалымы, имам әл-Биркауидің «Әз Пайғамбар хақ жолы» атты кітабының аудармасы.

MUFTYAT баспасынан шыққан еңбекте рухани кемелдікке жетудің саналуан тәсілі мен жолы көрсетілген.

Кітаптың тұсаукесерінде Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Бұл еңбек иманға, исламға шөліркіген жанның шөлін басатын құнды құралына, сонымен қатар, пайғамбардың хақ жолын көрсететін бейнебір бағдаршамына, рухани кемелдікке ұмтылған мұсылманның өмірлік серігіне айналады деген сенімдемін» деді.

Кітап рухани кемелдікті іздеген барша оқырман қауымға арналған. Құнды еңбектің жалпы редакциясын басқарған – Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мен Нұр-Мүбәрак университетінің ұстазы, белгілі ғалым Бауыржан Әлиұлы.

Кітап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасының және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жүргізілген сараптаманың оң қорытындысын алған.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.