Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Он есе мейірім көрсетілетін іс

0 563

Қысылған кеудеге кең тыныс алдыратын, қайғы-мұңды кетіретін, ашуды басатын себептердің бірі – пайғамбарға салауат айту.

Алла «Ахзап» сүресінің 56- аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

«Оған салауат айтып, ықыласпен сәлем жолдаңдар», – деген.

Тирмизидің   «Сүнән»   хадис   жинағында баяндалғандай  Үбай  ибн  Кағб  бірде  Пайғамбарға (с.а.с.):

«Уа, Алланың елшісі, сізге дұға еткенде салауатты қаншалықты айтайын?» – дегенде, ол: «Қалауың білсін», – деді. Сонда Үбай ибн Кағб: «Төрттен бірін бе?» – дегенде, ол: «Қалауың білсін, егер артығырақ айтсаң өзің үшін жақсы», – деді. Кағб: «Жартысынан көбін бе?» – дегенде, ол: «Өзің білерсің, егер арттырсаң қайыр бар», – деді, Кағб оған: «Ал толығымен сізге салауат айтсам ше?» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ендеше, күнәларың кешіріліп, қайғың кетеді»,- деген екен.

Мына  бір  хадисте  пайғамбарға  салауат  айту қайғыны  кетіретінін  растайды.  Адамзаттың  асылы (с.а.с.) бір хадисінде:

صَلُّوا عَلَيَّ فَإِنَّهُ مَنْ صَلَّى عَلَيَّ صَلاةً صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ بِهَا عَشْرًا

 «Маған салауат айтыңдар. Өйткені, маған бір рет салауат айтып, мен үшін Алла Тағаладан мейірім тілегенге он есе мейірім көрсетіледі» және тағы біреуінде:

إنَّ من أفضلِ أيَّامِكم يومَ الجمعةِ : فيه خُلِق آدمُ ، وفيه النَّفخةُ ، وفيه الصَّعقةُ ، فأكثِروا عليَّ فيه من الصَّلاةِ فإنَّ صلاتَكم معروضةٌ عليَّ ، فقال رجلٌ : كيف تُعرضُ عليك وقد أرِمتَ – يعني بليتَ ؟! فقال : إنَّ اللهَ حرَّم على الأرضِ أن تأكلَ أجسادَ الأنبياءِ

«Маған салауаттарыңды жұма күні мен түні көбейтіңдер! Өйткені салауаттарың маған жетеді», – дегенде, сахабалар одан: «Сіздің денеңіз шіріп кетсе қалай жетеді?» – деп сұрайды. Ол (с.а.с.): «Расында Алла тағала жерге пайғамбарлардың денелерін шірітуін харам еткен», – дейді. Егер кім оның көрсеткен нұрлы жолымен жүріп, соңынан ерсе, онда бұл еруі көңіліне кеңдік, қадірінің өсуі және жақсы ат бермек.

Расында пайғамбарға салауат айтудың ең толығы намаздағы: «Уа, Алла Тағалам! Ибраһим және оның отбасына игілік еткендей Мұхаммедке және оның отбасына да игілік ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың. Уа, Алла тағалам! Ибраһим мен оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың» деген салауат екені белгілі.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.