19 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан әкімдігі кей азық-түлік тауарларын сатып алуға шектеу қойылғанын айтты, – деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.
“Бүгінде сауда желілерінде шектеу бар. Бір чекке 5 литр май және 5 келіге дейін арнайы тауарлар: қант, ұн, жарма және тағы басқа”, – деді Нұр-сұлтан қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.
Ол бір чектегі сусымалы тауарлардың әрбір түрі 5 келіден аспауы тиіс екенін атап өтті.
Еске салайық, одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімдігі нан бағасын бекітті.