Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қант, ұн мен сұйық майды сатып алуға шектеу қойылды

0 1  653

19 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан әкімдігі кей азық-түлік тауарларын сатып алуға шектеу қойылғанын айтты, – деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

“Бүгінде сауда желілерінде шектеу бар. Бір чекке 5 литр май және 5 келіге дейін арнайы тауарлар: қант, ұн, жарма және тағы басқа”, – деді Нұр-сұлтан қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Ол бір чектегі сусымалы тауарлардың әрбір түрі 5 келіден аспауы тиіс екенін атап өтті.

Еске салайық, одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімдігі нан бағасын бекітті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.