Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкәрім қажы: Ахирет күннің болмағына нанбақ

0 757

Ахиретте тексерілмегіміз таразы-сират кәпірі, қылған істеріміз дәптерге жазылып берілмегі баршасы рас.

Құдай біліп тұрса да, адамдар білмейді. Сол себептен әбден армансыз қылып істеген ісімізді мойнымызға анықтап салып, рақым қылса, әділетін барша халыққа бірдей білгізіп, әркімнің лайық орнына жібереді.

Аятта: «куллу шайғин халикун илла уаджһаһу». Мағынасы: бір Алланың өзінен басқа нәрсенің бәрі пәлек болып бұзылады деген. Ахиреттің болмағы анық адам өлсе де, жан өлмейді, бейіш пенен дозаққа кірген соң тіпті өлім жоқ, біржолата қалады. Аятта: «халидайна фиха абадан», – деп неше жерде айтылған. Мағынасы: біржолата қалады бейіште де һәм дозақта да деген.

Және аятта: «уа надагул-мауазинал-қиста ли иаумил-киямати фала тузламу нафсун шайған уа ин қана мискала хаббатин мин хардалин-атаина биһа уа кафа бина хасибина», – деген. Мағынасы: қоярмыз қияметте әділ таразыны ешкімге залым қылынбас еш нәрседен. Тарыдай кішкенесі болса да таразыға келтіріп салынар, бәрінің де есебін табармыз деген.

Әлбетте, солай болғаны ақылға да дұрыс. Осынша ғаламды жаратып, ақырында тексерусіз, ешбір мақсұтсыз қалуға лайық болмайды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Мұсылмандық шарты» кітабынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.