Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы Арапа күнінің артықшылығы жайлы насихат айтты

0 268

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қажыларымызға арапа күнінің артықшылығы, қадірі мен қасиеті жайлы насихат айтты.

«Алла Тағала ардақты еткен күндердің бірі – Арапа күні. Арапа – зұлхижжа айының тоғызыншы әрі қасиетті Құрбан айт мейрамы алдындағы күн. «Арапа» сөзі «танысу», «білу» деген мағынаны береді. Бағзы заманда Меккеден 20 шақырымдай жерде, яғни Арапат жазығында адамзаттың атасы Адам (оған Алланың сәлемі болсын) мен Хауа анамыз табысып, танысқан. Қажылықтың ең басты парыздарының бірі – дұға жасап, құлшылық атқаратын қасиетті орын – Арапат жазығында тұру. Бұл – әрбір қажы үшін парыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қажылық дегеніміз – арапат. Кімде кім арапатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», – деген. Сондықтан бүгінгі күнімізді дұға жасаумен, Алладан кешірім сұраумен, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтумен, Құран оқумен өткізуміз керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең жақсы дұға – арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар арапа күні айтқан ең жақсы дұға: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», – деген.

Сондықтан осы сөзді көбірек айтып, еліміздің игілігі, отбасымыздың, ағайын-туыстарымыздың, халқымыздың бақыты үшін арнайы дұға жасайық» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.