Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда имамдары марапатталды (ФОТО)

0 1  855

5 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Өткен жылдың қорытындысына орай Елорда мешіттерінің бірқатар қызметкерлері қала әкімінің арнайы «Алғыс хатына» ие болды, деп хабарлайды өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Әлмұханов Нұрдаулет Иманаліұлы қала әкімінің арнайы сәлемін жеткізіп, жаңа жыл қарсаңында Елорда имамдарына «Алғыс хат» табыстады.

Алғыс хат мәтінінде Елорда имамдарының 2020 жылы ағартушылық және әлеуметтік бағыттағы атқарған жұмыстары жоғары бағаланып, тұрақтылық пен келісімнің нығаюына, діни ахуалды жақсартуға үлес қосқанына айрықша алғыс білдірген.

Айта кетейік, қала әкімінің арнайы «Алғыс хаты» «Нүр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов пен наиб имам Нұрлат Ефратұлына, «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Ибрагим Сматаевқа, «Әр-Рахман» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлына, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимовқа табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.