Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ жанынан жаңа кеңес құрылды

0 2  320

15 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан әдеп кеңесі құрылды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ-ның кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Әр мекеменің өзіндік Әдеп кеңесі болады. Әр қызметкер әдеп этикасын сақтай отырып, жұмыс істейді. Мен осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Әдеп кеңесін құру туралы шешім қабылдадым. Кеңестің хатшысы етіп Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбековты тағайындадым. Кеңес мүшелері әр тоқсан сайын бас қосып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша маған нақты ұсыныс жолдайды. Кеңесті құрудағы мақсат – дін қызметкерінің жұмысына серпін беру» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Төралқада кеңес хатшысы Смайыл Сейітбеков баяндама жасап, дін қызметкері дін мен Діни басқарма мүддесін қорғауға, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруға, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруға міндеттелетінін атап өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.