Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы Семей аймағының имамдарымен кездесті (ФОТО)

0 5  887

25 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Екі күндік жұмыс сапарын қорытындылаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семей аймағының имамдарымен арнайы кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөзіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Жүздесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы мен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаев қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Діни басқарма тарапынан бекітіп, Имамдар форумында қабылданған концептуалды құжаттарды қамтитын жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Жиында Бас мүфти соңғы қабылданған «Зират пен зиярат», «Имам этикасы», Ихсан ілімі сынды бірқатар маңызды жайттарға тоқталды.

Сондай-ақ 7 бағыт бойынша жұмыстар, оның ішінде ақпарат пен уағыз-насихат, дін мен дәстүр жағы баса айтылды. Ең бастысы, имамның қоғамдағы келбеті, рухани ұстаз дәрежесіне көтерілу барысы жиынның маңызына айналғандай.

Бұдан бөлек жергілікті кадр мәселесін жетілдіру, заманауи бағытта даму, дәрістерді дамыту жағы сөз болды.

Кездесуді қорытындылаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семей имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, атқарған еңбектеріне ризашылығын жеткізді. Қайырымдылық, мешіт ашу сынды бірнеше бағытты қамтыған екі күндік сапар өз мәресіне жетті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.