ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты.
Бас қаланың Байқоңыр ауданында бой көтеретін құлшылық ордасының құжаттары түгелдей әзірленіп, мешіт салуға 5,3 гектар жер телімі бөлінген. Сыйымдылығы 2 000 адамдық құлшылық ордасы жоспар бойынша 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрылыс алаңы басында мешіт жобасымен танысты. Жиылған жамағатпен бірге арнайы дұға жасап, құрбандық шалғаннан кейін Бас мүфти мешіттің қазығын қағып, бұл жерде бой көтеретін Алла үйінің ел игілігі жолында жемісті қызмет етуін тіледі.
muftyat.kz