Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ауласына гүл көшеттері отырғызылды

0 1  116

Дініміз  қор­шаған ортаны қорғауды, таза ұстауды талап етеді. Мешіт тек  адамдар намазға жығылып, Құран оқытатын жер ғана емес, ол мұсылман бауырларымызға қай жағынан болсын өнеге болуға тиіс орын, әрі тазалық пен сұлулықтың нышаны.

Бүгін Байқоңыр аудандық әкімшілігінің бастамасымен қаладағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласына гүл көшеттері отырғызылды. Гүл отырғызу  айналамызды құлпыртып  қана қоймай, дінімізде үлкен сауапқа кенелтетін игі істердің  бірінен саналады. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Қиямет басталып жатса-дағы қолыңдағы бір түп ағашты отырғызып қал» деп өсиет еткен. Осындай игі істердің көбеюіне атсалысқан  Байқоңыр аудандық әкімшілігіне алғысымызды айтамыз.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.