Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Кедейлердің банкирі» атанған мұсылман Олимпиаданың ең жоғары сыйлығымен марапатталды

0 574

Бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының лауреаты және кәсіпкер Мұхаммед Юнус Жапонияда өтіп жатқан «Токио-2020» Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде Олимпиадалық Лавр сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды «sunna.kz» сайты  ресейлік «islam.ru» сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл марапат Халықаралық Олимпиада комитетінің ең жоғарғы құрметі, ал Бангладештен шыққан Нобель сыйлығының жалғыз иегері – Олимпиадалық ойындар тарихында осындай құрметке ие болған екінші адам.

Юнус бұл марапаттың ол үшін «ерекше» екенін айтты. Ол спортшылардың назарын олардың «үш нөлден тұратын әлемді» құрудағы рөліне аударды – таза көміртегі шығарындылары, кедейлікті жою үшін байлықтың нөлдік концентрациясы және жұмыссыздық нөлге тең. Юнус Халықаралық Олимпиада Комитетіне өз ғаламшарымызды спорт арқылы бейбіт әлемге айналдыру миссиясын орындауда сәттілік тіледі. Мұхаммед Юнус – Бангладеш банкирі, экономика профессоры, 2006 жылдан бастап экономикалық және әлеуметтік дамуды құруға күш салғаны үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанған тұлға. 

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.