Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Он күнде 6 баспана берілді

0 1  352

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Түркістан облысында он күнде 6 баспана берілді.

Атап айтқанда Шардарада – 1, Түркістан қаласында – 3, Созақта – 1, Жетісайда – 1 отбасы баспаналы болды.

Ерекше атап өтетіні, Түркістан қаласындағы үш үй де жаңадан салынды. Ал Жетісай ауданында баспана имамға берілсе, қалған бес үй мұқтаж отбасыларға тарту етілді.

Имамдар «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 339, 440, 441, 442, 443 және 446-баспанаға демеушілік жасап, мұқтаждарды қуантқан жомарт жандарға, ерікті жамағатқа ризашылығын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

yassi.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.