Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Аналар мектебі» мешітте білім алушы қарт аналарды құттықтады

0 1  488

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» және «Қарттарға құрмет және сияпат, Алла Тағалаға деген құрметтен туындайды» деген. (Имам Бұхари) 

«Мұсылман болып қартайғанды құрметтеген адам Нұх алейһиссаламды кұрметтегендей сауап алады. Нұх алейһиссаламды құрметтеген адам, Алла тағаланы құрметтеген болады» (И.Хатиб). 

Жер бетіндегі әрбір халықтың бойында оны өзгелерден даралап тұратын, өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлай отырып, оның сөзіне құлақ асу, кішіпейілділік таныту. 

Қашанда жақсылықтың жаршысы болып жүрген «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің  «Әйелдер-қыздар» секторына қарасты  «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен қарттар күніне орай мешітімізде білім алып, сауат ашып жүрген қарт аналарымызға сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.

Өмірлік мол тәжірибесімен, үлгі-өнегесімен замана талабына сай ұрпақ тәрбиелеп қана қоймай, уақыттарын діни білім алуға жұмсап, Құран үйренуге ынтық ақ жаулықты аналар мешіттің көркін келтіріп жүргені көңілге жылулық ұялатады. 

Білім алушы қарт аналарымыз осындай құрмет үшін «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің  «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі  Көксеген Айгүл  ұстазға, «Аналар мектебіне» алғыстарын айтып, баталарын берді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.