Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Құранға тағзым, Пайғамбарға (с.ғ.с.) сағыныш» тақырыбында рухани кездесу өтті

0 1  287
Қасиетті Мәуліт айының құрметіне «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторына қарасты  «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен «Құранға тағзым, Пайғамбарға (с.ғ.с.) сағыныш» тақырыбында рухани кездесу өтті.
Кездесуге «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы, ұстаз Серікбол Хаманұлы, «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Айгүл Көксеген, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Бұхарбаева Эльмира, «Кунта қажы» мешітінің ұстазы Арыстанбекова Лаура және  «Аналар мектебінің» мүшелері мен шәкірттері қатысты.
«Аналар мектебінің» мүшелері мен шәкірттері бірнеше жылдан бері әр апта сайын Құранды басынан аяғына дейін екі рет толық оқып, хатым дұғасын жасап отыруды үрдіске айналдырған. Сауапты игі іске атсалысып жүрген «Құран хатым» тобының шәкірттеріне мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
Рухани кездесуді «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Бұхарбаева Эльмира, «Кунта қажы» мешітінің ұстазы Арыстанбекова Лаура ары қарай әдемі уағыздармен жалғастырды.
Шәкірттер діни қойылымдар қойып, әндер орындап, сұрақ-жауап ойынын ойнатты. Кездесу соңында шәкірттердің демеушілігімен дастархан жайылып, ұстаздар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірін насихаттап, Мәулітті атап өтудің маңызы туралы уағыз айтты.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі
sunna.kz


Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.