Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде имамдарға құрмет көрсетілді

0 505

Жұма намазында жиналған жамағатқа елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметін атқарып, 2021 жылдың қазан айында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен СҚО-ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалған Хамзат Қажымұратұлына  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңадан тағайындалған бас имамы Руслан Нақыпбекұлы қазақи дәстүрмен иығына шапан жауып, жаңа қызметіне сәттілік пен абырой тілеп, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, жұма намазында Мәуліт жырын тебіренте оқып, жүректерде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сағынышты жандандырған «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы қызметіне тағайындалған Нуриддин Абдусаматұлына да алғысын айтып, иығына шапан жапты.   

Өз кезегінде Хамзат Қажымұратұлы да жаңадан тағайындалған бас имам Руслан Нақыпбекұлының қызметіне сәттілік тілеп, жамағатқа алғысын айтты.

Игі іс-шарада мешіт ақсақалдары имамдарға батасын беріп, дұға жасады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.