(Мақаланың жалғасы. Басы өткен жарияланымда)
Ғалымның пікірінше пәлсафашыларды күпірлікке апаратын төмендегідей үш мәселе бар:
1.Әлем Алла сияқты әзәли, яғни әуелден бері бар.
Пәлсафашылардың айтуынша әлем заттық тұрғыдан хадис (кейіннен жаратылған), заман тұрғысынан ғана әзәли, яғни әуелден бері бар. Бұлай болғанда, мұның мағынасы Алла заман және уақыт тұрғысынан емес, заттық, материалдық тұрғыдан әлемнен бұрын болған дегенге саяды.
2.Алла жузи (кішкентай, бөлшектер) нәрселерді білмейді.
Өйткені, оқиғалар мен жағдайлар сәт-сайын өзгеріс үстінде. Оқиғалар өзгерген кезде оған байланысты мәліметтің де, білушінің де өзгеруі тиіс. Егер, Алла жүзиятты біледі дейтін болсақ, Алланың болмысы да өзгеруі тиіс. Алайда Алланың болмысында өзгеріс болмайды. Себебі оның заты, болмысы әртүрлі өзгерістерден пәк дейді.
3.Ақыретте өлгеннен кейін қайта тірілу кезінде адамдардың махшар алаңына жиналуы рухани тұрғыдан болады.
Яғни, пәлсафашылар ақыретте өмірдің болатындығын қабыл етеді, бірақ ондағы өмірдің тәнмен емес, тек рухани тұрғыдан болатындығын айтады.
Имам Ғазали осы үш мәселенің Құран аяттары мен Пайғамбар хадистеріне қайшы келетіндігін айта келіп, ислам пәлсафашыларын күпірлікке жол берді деп тұжырым жасаған.
(Жалғасы бар.)
«Иман негіздері» кітабынан
Sunna.kz