Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни басқарманың Түркиядағы өкілі тағайындалды

0 850

1 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –Түркия Республикасына ресми сапары барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Анкарада Діни басқарманың Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі  жетекшісі етіп Жандос Айтбаевты тағайындады,  деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти тұрақты өкілді Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал  Сапарбекұлына арнайы таныстырып, бұған дейін осы қызметте болған Тілепберген Жәкиевке алғысын білдірді. Қазіргі таңда жаңадан тағайындалған Жандос Айтбаев доктарантурада білім алуда. Бас мүфти өз кезегінде жауапты өкілмен Елшілік арасындағы байланысты нығайтуға қатысты өз ұсынысын жеткізген болатын. Абзал Сапарбекұлы ҚМДБ Төрағасының ұсынысын қабыл алып, қолдауға даяр екенін айтты.

Еске салайық, 2018 жылы Түркиядағы «Хасеки» академиясына қазақстандық 8 шәкірт қабылданып, оның 7-уі оқуын тәмамдады. Ал 2019 жылы 18 шәкірт қабылданған. Былтыр пандемияға байланысты шәкірт қабылданбады. Сондай-ақ биылғы жылы Хасекиге елімізден 19 шәкірт қабылданды. Өйткені былтырғы пандемияға байланысты оқуға түсу мүмкіндігі болмаған еді. Осылайша 2020-2021 жылдарды қоса отырып 49 студент Хасеки қабырғасында білім алуда.

Қазіргі таңда ҚМДБ жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының Сауд Арабиясында, Мысырда арнайы жауапты өкілдері жұмыс істейді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.