Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Түркия дін істері уақып қорында болды

0 1  028

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Түркия Дін істері Уақып қорында болды , деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Қор басшысы Ихсан Ачикпен кездесіп, Уақып қорының жұмысымен танысты. Оның айтуынша, уақып негізінен үш бағытта жұмыс істейді: оқу-білім, құрылыс-өнеркәсіп және қайырымдылық.

Кездесу барысында Бас мүфти Түркияның Уақып қоры мен ҚМДБ арасында әріптестік байланыс орнатуға уағдаласып, Діни басқарма жанынан құрылған Уақып қорына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде келісім жасалды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.