Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Неге үндемейсіңдер?

0 2  507

Бір сапарда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еврейлер қауымына кезігіп қалады. Еврейлер жиналып Тауратты оқып отыр екен. Пайғамбарымызды көрген кезде барлығы тынышталады. Тауратты дауыстап оқып отырған кісі де үндемей қалады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Неге үндемей қалдыңдар,  – деп сұрайды. Әлгі кісілерден ешкім жауап бермейді. Ішінен бір егде адам орнынан тұрып:

– Мен жауап берейін, – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Иә, айтыңыз, – дейді. Қария кісі толқып тұрып:

– Таураттан соңғы пайғамбардың сипаттары туралы оқып жатыр едік, сіз келген  соң үндемей қалдық, – дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) қария кісіге қарап:

– Олай болса қалған жерінен сіз жалғастырыңыз, – дейді. Қария кісі Тауратты оқи бастады. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жасырын көз тастап отырады. Таураттың бір бетін бітіргеннен кейін қария кісі шыдай алмай Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қарап:

– Аллаға ант етемін. Сен сол кісісің!, – деді де дереу тілін шаһадатқа келтіріп, үзіліп кетеді.

Қандай керемет өлім. Алла барлығымызға соңғы демімізде тілімізді шаһадат келтіріп, иманмен жан тапсыруды нәсіп етсін. Амин.

 Дайындаған: Ғ.Тәжібай

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.