Мәлики мәзһабының негізін қалаушы – Мәлик ибн Анас (һ. 93-179 м. 712-795). Бұл мәзһаб Мәдина қаласында пайда болып, Араб елдеріне, Мысырға, Солтүстік Африка мен Андулусияға дейін жайылған.
Имам Мәликтің ең әйгілі еңбегі «Муатта» деп аталады. Ол – фиқһ тәртібіне қарай жазылған алғашқы хадис кітабы. Мәлик атақты табиғун ғалымдардан хадистер мен фиқһ ілімін үйреніп, кейіннен өзі де пәтуа бере бастайды.
Имам Мәлик үкім шығаруда өзге мужтаһид имамдар секілді негізгі діни қайнарларға (Құран мен сүннет) және сахабалардың пікірлеріне көп мән берді.
Мәлики мәзһабы алдымен Хижаз өлкесінде, кейіннен имамның Асад ибн Фурат, Ибн Уәхб және Ибн Қасым сияқты шәкірттері арқылы Солтүстік Африка мен Андалусияға (Испанияның оңтүстік бөлігі) тараған, тіпті бұл Андалусияда Умеядтар мемлекетінің ресми мәзһабы болды. Қазір бұл мәзһабты көбіне Мысыр, Тунис, Алжир, Марокко және Судан мұсылмандары ұстануда.
«Біз ұстанатын діни жол» кітабынан
Sunna.kz