Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жат ағымның алдын алу мақсатында арнайы дәріс өтті

0 699

Жыл басынан бері «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жат ағымның алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралар қолға алынуда.

Оқу-ағарту, үгіт-насихат жұмыстарын түрліше форматта жандандыруға ден қойылып, азаматтарға дұрыс діни ақпарат берілуде.

Соның бірі әр аптадағы жұма намазынан кейін «Намаз оқып үйренейік» іс-шарасы ұйымдастырылуда. Мұнда жаңадан намаз бастаушы азаматтарға Ханафи мәзһабы бойынша дұрыс намаз оқу жолдары үйретіледі.

Кезекті жұма намазынан кейін мешіт қызметкері жамағатқа бесін намазының қалай оқылатыны жайында практикалық дәріс жүргізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.