«Зияткер имамның» тұлғалық қасиеттері:
1) жоғары діни білімді болу;
2) өз кәсібін жоғары деңгейде меңгеру;
3) шариғат ілімдерін жақсы білу;
4) Құран Кәрімді тәжуидпен оқу және кемінде 3пара жатқа білу;
5) теріс діни ағым өкілдерін райынан қайтаруға әрі оңалтуға қабілетті болу;
6) ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтай білу;
7) мемлекеттік тілмен қатар бірнеше тілді меңгеру (орыс, араб, ағылшын т.б.);
8) ұлттық салт-дәстүрді білу;
9) ұйымдастыру қабілеті жоғары болу;
10) шешендік өнерді меңгеру;
11) ағартушылық қызметті жауапкершілікпен атқару;
12) ақпарат құралдары мен баспасөз беттеріне діни, ғылыми тақырыптарда мақалалар жариялау;
13) көркем уағыз-насихат айта білу;
14) қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысу;
15) салауатты өмір салтын насихаттау;
16) жасампаз және мәмілегер болу;
17) пікірталас әдебін сақтау;
18) жамағат алдында беделді болу;
19) әлеуметтік желіде белсенділік таныту;
20) Қазақстан тарихын білу.
ҚМДБ-ның «Зияткер имам» тұжырымдамасынан
sunna.kz