Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Күйзелістен сақтану үшін оқылатын дұғалар

0 809

Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) егер Алланың құлының бойын үрей мен уайым жайлағанда ол мына дұғаны оқыса:

«Аллааһуммә иннии ъабдук, ибну ъабдик, ибну әмәтик, наасиатии бийәдик, маадин фиййә хукмук, ъадлун фийй” қадааук. Әсәлукә бикуллисмин һуә ләкә: сәммәйтә биһи нәфсәк, әу әнзәлтәһу фии китәәбик, әу ъәлләмтәһу әхәдән мин халқик, әуистәсәртә биһи фии ъилмил-ғайби ъиндәк ән тәжъәләл-қурәәнә рабиниъә қалбин, уә нуура садрин уә жәләәә хузнии,уә зәһәәбә һәммии».

«О, Алла!Ақиқатында, мен Сенің құлыңмын және сенің құлдарың – әкем мен шешемнің ұлымын. Менің тұла бойым сенің қолыңда, Сенің үкімдеріңе бағынамын, менің маңдайыма жазған тағдырың әділетті, Өзің атаған, не Кітабыңда келтірген, немесе Өзіңнің жаратқандарыңның біріне үйреткен, немесе Өзіңнің тылсым біліміңе жасырған аттарыңмен мен Сенен Құранды жүрегімнің жұбанышы, көкірегімнің сәулесі, қайғы-мұңдарымнан арылтушы етуіңді сұраймы».

Осыны айтқан бойда Алла Тағала оны қайғы-мұңнан арылтып, жүрегіне қуаныш ұялатады (Бұхари).

Қайғы-мұңға батқан кездерінде Пайғамбарымыз  (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) мынадай да дұға оқыған:

«Аллаһуммә иннии әғуузу бикә минәл-һәмми уәл-хазани, уә әъуузу бикә минәл-ъадзи уәл-кәсәли, уә әъуузу бикә минәл-джубни уәл-бухли, уә әъуузу бикә мин ғалабатид-дәйни уә қаһрир-риджәәл».

«О, Алла! Шын мәнінде, қайғы-мұңға батқан кездерімде мазасыздықтан және еріншектіктен, сараңдықтан және қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан және адамдардың қыспағынан Саған сыйынамын».

«Иман» журналы

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.