Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бауырлар ескеретін іс

0 697

Тәуелсіздік алғалы руханиятқа шөліркеген еліміздің күн санап имандылыққа бет бұруы көкірекке қуаныш ұялатады. Аллa Тағаланың рахымы мен, халқымыздың Ислам дінініне деген құлшынысы артып, имани құндылықтарға деген қызығушылығы біртіндеп көбейіп жатқаны байқалады.

Алайда, бәз біреулердің үй ішінен үй тігіп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан мұсылмандардың арасына ірткі салып жүргені, Ислам атын жамылған діни ағымдардың шолақ белсенділікке салынып, дәстүрлі Ислам құндылықтарына кайшы ic-әрекеттері арқылы халқымыздың хақ діні мен береке-бірлігіне, түрлі қоғамдық құндылықтарымызға зиянын тигізуде.

Мұсылман кісі өзгелерге зиян тигізу арқылы ешқашан сауап таппайды. Керісінше, дінімізде тыйым салыныған іс істегені үшін күнә арқалайды. Олай болса, ақыл иесі үшін шынайы мұсылманшылықтың қайсы екенін ажырату қиынға соқпасы анық.

Қашан да мұсылманның сипаты әділетті түрде қоғамның берекесін ойлау, ынтымағын сақтау,  адамдарға зиянды іс істемеу. Мұны кез-келген қазақ баласы жасатайынан білсе керек. Ал, дінді жеткізу ісі де дөрекілікпен, білімсіздікпен, сыңаржақтылықпен емес көркем мінезбен, жан-жақты біліммен іске асады.  Бұл мәселеде де аз білімін көптей көріп, ғасырлар бойы тыныштықпен дін ұстанған халықты бөліп-жарып, арасына іріткі салу дұрыс іс емес.

Алла Тағала қасиетті Құран кітапта былай дейді:

الْفِتْنَةُ أَكْبَرُ مِنَ الْقَتْلِ

 «Бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр (күнә)» («Бақара» сүресі, 217-аят).

Мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екендігін ескеретін болсақ, мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамның айтқанын тыңдамай қарсы келу аяттың шеңберіне кіретіндігін ұмытпағанымыз жөн. Себебі, аят қоғам ішінде бүлік шығармауды бұйырып тұр.

Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату – әрбір мұсылманның міндеті. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистері біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін жеке мүддеден бас тарта білу иманның кемелдігіне жатады.

وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا

«Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» («Әл-Ғимран» сүресі, 103-аят).

Ал, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірлігі секілді ортақ мақсаттарға жұмылдыру басты құндылығымыз. Расында да, жерікең, ал саны аз қазақ халқына ауызбіршілік ауадай қажет. Ол үшін бірігіп іс жасауымыз қажет. Ұлы Жаратушымыз Қасиетті Құранда:

وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۖ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

 «…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты» («Мәида» сүресі, 2-аят) деген.

Бұл аяттқа үңілер болсақ мешіт жамағаттарын бөлуге емес ынтымыққа, бірлікке шақыру маңызды екенін байқаймыз. Бірлігінен айырылған елден береке қашады.  Ұлы Алла Құран Кәрімде бізді бірлікпен ынтымаққа шақыру маңызды екенін көрсетті.

Серікбол Хаман

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.