Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

2023 жылғы уағыз-насихаттың есебі жарияланды

0 105

2023 жылы еліміздің мешіттерінде 680 751 уағыз-насихат айтылып, оны 17 516 605 адам тыңдады.

Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров баяндады.

«Биыл мешіттерімізде бекітілген 52 тақырып бойынша 128 236 рет жұма уағызы айтылып, 723 916 адам қамтылды. 274 593 бесін уағызы, 277 922 ақшам уағызы айтылды. РАНТ мүшелері жамағатпен 645 кездесу өткізіп, оған 301 800 адам қатысты, ал ЖАНТ мүшелерімен 21 219 кездесу өткізіліп, 9 251 362 адам қамтылды. Сондай-ақ ҚМДБ ұстаздарының қатысуымен 60 бейнеуағыз әзірленіп, Тик-Ток әлеуметтік желісіне жарияланды. Бүгінгі таңда оның жалпы қаралымы 2 540 844-ке жетті» деді Батыржан Берденұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.