Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

2023 жыл: 22301 адам діни сауат ашу курсынан өткен

29 жел 2023 902 рет оқылды
2023 жыл: 22301 адам діни сауат ашу курсынан өткен

Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков баяндады.

«2022-2023 оқу жылы ҚМДБ оқу орындарын 712 түлек бітірді. Оның 245-і Нұр-Мүбарак университеті мен 371-і Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді, 63-і Қарилар дайындау орталықтарын және 33-і «Хусамуддин әс-Сығанақи» ислам институтын тәмамдады. Имамдарға арналған 985 семинар-курс ұйымдастырылып, 11 231 дін қызметкері қатысты. «Зияткер имам» тақырыбында 75 семинар және 20 жарыс өтіп, оған 2 539 имам қатысты. Сондай-ақ мешіттердегі діни сауат ашуға қатысқан жалпы жамағат саны – 22 301. Ал 7335 адам Құран курсынан өтті» деді Смайыл Сүйерқұлұлы.

Бөлім басшысының баяндауынша, биыл Ислам институтынан 98 имам білімін жетілдіріп шықты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес мешіттердегі діни сауат ашу курсынан бөлек «Намаз үйрену» курстарына 19 576 адам қатысты. Одан бөлек 2023 жылы «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсынан 34831 бала өті, оның 23188-і ұл бала, 11643-і қыз бала.