Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жомарт Анарбеков: Қабыл болатын дұғаның бірі

0 1  005

Язид ибн Әсам әнгімелейді: «Шам шаһарында күнкөрісі төмен бір кісі бар еді. Анда-санда Омарға (р.а) соғып кетіп жүретін. Бірде ұзақ уақыт қарасын көрсетпей қойды. Омар (р.а) уайымдай бастады. Қасындағы кісілерден:

Пәленшенің ұлы түгеншені көрдіңдер ме? Жағдайы қалай екен? – деп сұрады.

Ол кісі ішімдікке салынып кетіпті – деді. Хазіреті Омар (р.а) дереу хатшысын шақырып алып:

Жаз, – деп бұйырады, – Омар ибн Хаттабтан пәленше ұлы төленшеге.

Сәлем саған. Өзінен басқа тәңір жоқ, күнәларды кешіруші, тәубелерді қабыл етуші, алайда жазасы да тым қатты ұлы Аллаһқа мадақ айтамын. Одан өзге тәңір жоқ. Бәріміздің айналып барар жетіміз – Оның құзыры.

Сөйтті де, Омар (р.а) жанындағыларға дауыстап:

Бауырларыңыздың шын жүрегімен Аллаға қайтуы және Алланың оның тәубесін қабыл етуі үшін барлығымыз дұға етіңіздер, – деді. Омардың (р.а) хатын алған әлгі кісі:

Күнәларды кешіруші, тәубені қабыл етуші, сондай-ақ адам айтқысыз азаппен… Яғни Омар мені Аллаһтың жазасымен қорқытып, Оның тым кешірімшілдігімен менің үмітімді оятқысы келгені ғой, – деді өз-өзіне.

Омар (р.а) кейін бұл адамның ішімдікті тастап тәубесіне келгенін естігенде:

Бір мұсылман бауырыңыз жолдан тайып, адасқанда, осылай дұға етіңіздер. Оны түзетудің амалын ойластырыңыздар. Алланың кешірімшіл екендігін есіне салып, тәубесіне келуі үшін Аллаға дұға етіңіздер. Керісінше, одан әрі құлдырап, адастауы үшін шайтанға жәрдемдесуші болмаңыздар, – деді»

Егер қандайда бір мұсылман Алланың тура жолынан адасып күнәлі істі істеп жүрген болса, Алланың әмірін орындап жүрген адаммен немесе ортаға жақын болсын. Себебі Алланы анда санда еске алатын мұсылманнан Алланы әр дайым еске алып оның әмірін орындап жүрген мұсылман әлде қайда артық.

Жомарт Анарбеков

«Ар-Рахман» мешітінің бас имамы

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.