Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақсақалдар группасы хатым оқуда

0 648

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жанындағы сауат ашу курсының ақсақалдар группасы қасиетті Рамазан айына орай, мешітімізде шәкірт ақсақалдар Құран хатым оқуда.

Шәкірт-ақсақалдар – ұзақ жылдардан бері, жыл бойы аптаның бес күнінде Құран, Тәжуид, Фиқһ, Ақида, Сира пәндері бойынша үзіліссіз сабақ алып келе жатқан ерекше шәкірттер тобы. Яғни, мешіт жанынан қоғамдағы ақсақалдар институтын жандандыруға, көнекөз қариялардың дін сауатын жоғарлатып сол арқылы жас ұрпақтың діни жолдан адаспауына қам-xарекет жасауға мүмкіндік беретін ақсақалдар сауат ашу курсы.

Рамазан айының басталуымен шәкірт-ақсақалдар Құран хатым жасауға кірісті. Осылайша, аталарымыз Құран айын әспеттеп, ай бойы Алла Елшісінің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сүннетіне амал жасайды.

Ақсақалдар қасиетті айда Құранды 2 рет хатым етуге ниеттеніп отыр.

Әр жолы хатым аяқталғанда арнайы хатым дұғасы жасалып, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеп дұға жасалмақ.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.