Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Естінің есіркеуі құтқарады

0 943

Жиреншенің Ыбырай деген құрдасы болыпты.

Мақтансүйгіш, бөспелеу екен. Әңгімені қызылдып, өтірік-шынын аралас айтатын болса керек.

Бір жиында:

-Жақында аңға шығып, құлан аттым. Құлақшекеден көздеп атқан едім, оғымды артқы аяғының тұяғынан бірақ шығардым,-депті.

Отырғандар сенбей, Ыбырайды тәлкек ете бастапты.  Сонда Жиренше қысылғаннан Ыбырайға араша түскен екен. Сонда бүй депті;

-Бұған нанбайтын ештеңе жоқ. Құланның қасыныуына мылтықтың басылуы дәл келген ғой, – деп, жол тауып кетіпті.

Дабырлай күліскен сол көптің ішінен бір кісі:

-Есерді еспе сөздің жаласнан естінің есіркеуі құтқарады, – депті.

“Шешендік өнер” кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.