Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жастар секторы ауызашар берді

0 751

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы қасиетті Рамазан айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттеріне ауызашар берді.

Рухани басқосуда Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы студенттерге діндегі жастардың орны мен оразаның маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті.

«Бүгінгі жас студент – ертеңгі жас маман. Дін мәселесі – өте нәзік тақырып. Халықтың діни сауатын көтеру үшін болашақ дінтанушы мамандар ретінде алған білімдерімізді барынша қолдануымыз керек. Діннің ақ-қарасын ажыратып, толыққанды талдау жасайтын мамандар бүгінде тапшы. Осы тапшылықты толтырып, жаңа леп беретін – сіздер. Ендеше, сіздердің қазіргі игеріп жатқан білімдеріңіздің маңызы зор» деді Әділет Рахымұлы.

Сонымен бірге сектор меңгерушісі жастардың атсалысуымен атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, Діни басқарманың 7 бағыты жайлы да сөз етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.