Қасиетті Рамазан айына орай қолға алынған «30 күнге 30 шара» жобасы алуан түрлі форматта жалғасын табуда.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанындағы «Аналар» мектебі «Астана» медресе-колледжінің Қыздар бөлімінде білім алып жатқан шәкірттерге ауызашар дастарқанын жайды.
Ауызашар дастарқанында мешіт ұстазы Айгүл Көксеген арнайы қатысып, шәкірттерге уағыз-насихат айтты.
Сонымен бірге, әрбір шәкіртке арнай дайындалған «Рамазан сыйы» атты сыйлық үлестірілді.