Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Медресе шәкірттеріне ауызашар берілді

0 553

Қасиетті Рамазан айына орай қолға алынған «30 күнге 30 шара» жобасы алуан түрлі форматта жалғасын табуда.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанындағы «Аналар» мектебі «Астана» медресе-колледжінің Қыздар бөлімінде білім алып жатқан шәкірттерге ауызашар дастарқанын жайды.

Ауызашар дастарқанында мешіт ұстазы Айгүл Көксеген арнайы қатысып, шәкірттерге уағыз-насихат айтты.

Сонымен бірге, әрбір шәкіртке арнай  дайындалған «Рамазан сыйы» атты сыйлық үлестірілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.