Досай би қартайып отырып қалған кезінде, оның жеті баласы жиі-жиі келіп, көңілін сұрап, жағдайын біліп тұрады. Бір күні Жаманбай деген үлкен баласы оны сөйлетпек болып, “Көке, не жақсы, не жаман?” деп сұрайды.
– Жақсы аттан жақсы туса,
Міндетін пырағың емес пе?
Жаманнан жақсы туса,
Елдің шырағы емес пе?
Жақсыдан жаман туса,
Шамшырағың өшкені емес пе?
Елге үлгі айтар ерің болмаса,
Құт-берекең көшкені емес пе… деген екен.
«Қазақ халқының философиялық мұралары» атты кітаптан.
sunna.kz