Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ер кісінің әйелге қарауы

0 746

Көптеген мүштәһидтердің көзқарасы бойынша, «Әйелдер ашықта қалған жерлерінен тыс зейнеттерін ашпасын» аятындағы тыс жерлері – «қол мен бет».

Әбу Ханифа бойынша аяқтар да осыған кіреді. Ендеше, осы жерлеріне ер кісілердің қарауына бола ма? Ислам көшеде, базарда әйелдермен алғаш жолыққан кездегі қарауды есепке алмаған, бірақ екінші және үңіліп қарауға тыйым салған.

Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хазіреті Әлиге: «Әли! Бірінші қарауыңа екіншісін қосушы болма. Алғаш қарау – саған тиесілі, екіншісі – саған қарсы» (Әбу Дәууд. Никаһ; Ханбәл, 5/351), – дейді.

Құранда «Нұр» сүресінде де көздерін төмен салуын айтады. Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір еркек әйелдің әсемдіктеріне көздері түскен кезде көздерін төмен салса, Алла Тағала оған тәттілігін жүрегінде сезетін бір құлшылықты нәсіп етеді», – дейді (Ханбәл, 5/264).

Бір құдси хадисте: «Әйелге әдейілеп қарау ібілістің улы оқтарының бірі. Кімде-кім Менен қорқып көздерін төмен салса, оның жүрегіне иман дәмін беремін», – дейді.

Қажылық кезінде жас әйел бір сұрақ сұрау үшін Алла Елшісіне (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келеді. Осы кезде немере ағасының баласы Фадл ибн Аббас та сол жерде болатын. Оның әлгі жас әйелге көзін тігіп қарап қалғанын көрген Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Фадлдың басын ұстап басқа жаққа бұрып жіберді. Хазіреті Аббас осының мәнін сұрағанда, ол: «Бір жас еркек пен бір жас әйелді көрдім. Оларға дұшпандық ететін шайтанға сене алмадым» (Тирмизи. Хаж, 54; Ханбәл), – деп жауап береді

«Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.