Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Сәтбаев қаласындағы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінде өткен қайырымдылық іс-шараға қатысты.
«Біздің бабаларымыз ұрпақтарын әрдайым жақсылық жасауға, өзгеге қол ұшын беруге баулыған. Көршіге көмектесу, жетімге қарайласу, мұқтаж болған кісілерге жәрдем беру, жолда қалғандарға пана болу секілді қайырымды істер халқымызда өмірлік дәстүрге айналған. Сондықтан халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», «Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі» деп жақсылық жасауға үндеген. Бүгін сіздерге Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы сыйлық беріп отырмыз. Сіздердің де ұл-қыздарыңыз өскен кезде өзгелерге көмек беретін дәрежеге жетсін. Қайырымдылық іс-шараға қолдау білдірген барша азаматтарға Алла разы болсын» деді Бас мүфти.
Айта кетсек, Тәуелсіздік мерекесі сыйы Сәтбаев қаласындағы 50-ге жуық жанұяға берілді.