«MUFTIYAT» баспасының директоры тағайындалды (фото)
«MUFTIYAT» баспасының директоры тағайындалды (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «MUFTIYAT» баспасының директоры болып Батыржан Мансұров тағайындалды.
Баспаның жаңа директорын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде таныстырды.
«Өздеріңізге белгілі, осы уақытқа дейін «Мүфтият» баспасын басқарған Мұрат Манапұлы қызметінен босап, басқа салаға ауысты. Мұрат Манапұлы ұзақ жылдар бойы Діни басқарманың дамуына үлкен үлес қосып, баспа ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Біз оған алғысымызды білдіреміз және жаңа қызметіне табыс тілейміз.
Осыған байланысты, «Мүфтият» баспасының директоры қызметін қоса атқару үшін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлын тағайындау туралы шешімге қол қойдым. Батыржан мырза баспа ісіне белсенді араласып, көптеген игі істерге жетекшілік етіп келеді. Сондықтан, бұл жауапкершілікті абыроймен атқарады деп сенеміз» деді Бас мүфти.