Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаңадан найб имам тағайындалды

0 717

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңадан найб тағайындалды.

Қасиетті жұмада Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов Ғылмани мешітіне арнайы ат басын бұрып, жаңа найб имам Әкбаров Қондыбайды жамағатқа таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Әкбаров Қондыбай Серікұлы 1978 жылы дүниеге келген.

Білімі:

1985-1995 ж.ж. Ұлытау орта бектебі;

1995-1997 ж.ж. Ислам ниституты (Алматы қаласы);

2006 жылы Түркиядағы екі айлық білім жетілдіру курсы;

2008 жылы Мысырдағы әл-Әзһар университетінде екі айлық білім жетілдіру курсы.

Жұмыс тәжірибесі:

1997-2000 ж.ж. аралығында Жезқазған облыстық орталық мешітінде найб имам;

2000-2003 ж.ж. Алматы қаласының орталық мешітінде найб имам;

2011 жылы ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имам;

2011-2013 жылдар аралығында Жезқазған өңірі бойынша өкіл имам;

2014-2015 жылдар аралығында әс-Сәләм мешітінде найб имам;

2015-2023 ж.ж. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы қызметтерін атқарған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.