«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент орталық мешітінде имамдардың 2025 жылы атқаратын жұмыстарына қатысты алқалы жиын өтті.
Алқалы жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Басқосу барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасын жан-жақты түсіндіріп берді. Мұнымен қатар, орталық мешіттің найб имамдары діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және ихсан және уағыз-насихат бағыттарының жұмыстарының атқарылатын жоспарымен таныстырды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қалалық Халал даму бөлімі, білім жетілдіру курстары, уақыт қоры, зекет және қайырымдылық, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.