Елордадағы жалпықалалық сенбілікке орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласында абаттандыру, тазарту жұмыстары жүрілді.
Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының бұлтартпас борышы. «Тазалық – иманның тең жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағат имандылық ордасының ажарын аша түсті.
Жылдағы үрдіс бойынша Алла үйінің ауласындағы тал, терек, шыршалардың түптері әктеліп, көгал түрлі қоқыстардан тазартылды.
Қала бойынша өткен сенбілік жұмысына мешіт имамдарының ұйытқы болуымен шәкірттер қауымы мен мешіт жамағаты белсене атсалысып, құлшылық ордаларының күзгі көрінісіне көрік қоса түсті.