Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

“Имани жаз – 2022” сауат ашу курсына қабылдау басталды

0 796

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде балаларға “Имани жаз – 2022” атты жазғы сауат ашу курсына шақырады!

Карантиндік талаптарға байланысты екі жылдық үзілістен кейін ел мешіттерінде “Имани жаз” курсы қайта ашылды.

Қазіргі таңда, “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде де мектеп жасындағы балаларды қысқа мерзімдік курсқа қабылдау жүріп жатқанын хабарлаймыз.

 

Талаптар:

● 8- 15 жас аралығы

● Туу туралы куәлік көшірмесі

● Ата- Анасының қолхаты

●3×4 Сурет

 

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ:

“Имандылық әліппесі”;

“Құран әліппесі” сабақтары.

 

РУХАНИ ТӘРБИЕ ДӘРІСТЕРІ:

1. Ата-анам – бар байлығым

2. Бауырым – жанашырым

3. Ұстаз – ұлы тұлға

4. Қарттарға қамқорлық

5. Тазалық – иманнан

6. Әсем киіну

7. Жаман әдеттен аулақ болу

8. Білімді мыңды жығады

9. Спортпен шұғылдану

10. Адал дос болу

11. Дұрыс тамақтану

12. Судың да сұрауы бар

13. Мешіт тәртібі

14. Кітап оқуға құштарлық

15. Ашу – дұшпан

16. Уақытты қадірлеу

17. Демалысты пайдалы өткізу

18. Қауіпсіздік- басты міндет (жол ережесі, сақтық, т.б)

19. Телефонның пайдасы мен зияны

20. Мен өскенде…

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.