Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Балаларға айттық көңіл-күй сыйлады

0 679

Ораза айттың 3-күнінде «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұжымы Елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан N3 «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-дегі балаларға арнайы мерекелік сый жасады.

Бас имам Руслан Байзақов бастаған мешіт қызметкерлері арнайы мектептегі балаларға жеміс-жидектер мен тәтті-кәмпит салынған айттық қалталарын үлестірді.

Сонымен бірге, арнайы аниматор мамандарды ерте барып, орталықтың акт залында бүлдіршіндерге қойым қойып, оларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Тағы бір игілікті шара есебінде, орталыққа шаштараз мамандарды ертіп апарып, балалардың шашын алдырып, бүлдіршіндерге мерекелік қуаныш сыйлады.

Арнайы мектептің ұжымы мешіт қызметкерлерінің ұйымдастырған игі шарасына ризашылықтарын білдіріп, Алла үйіне алғыстарын жаудырды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.