Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт қызметкеріне «Алғыс хат» табысталды

0 906

«Сәдуақас Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Қасиетті Рамазан айы – мешіт қызметінің сыналар сәті. Басқа айларға қарағанда жұмыс қауырт, шаралар көп болатындықтан, мешіт қызметкерлері үшін бұл да бір сынақ іспетті. Алла үйінің әрбір қажеті үшін дайын тұрып, Рамазан шараларының ойдағыдай ұйымдастырылып, сәтті атқарылуында мешіт ұжымы үшін береке-бірлік, жауапкершілік аса қажет.

Бір жағынан уағыз-насихат жұмыстарын онан ары күшейтіп, халыққа дұрыс ақпарат беру, екінші жағынан ауызашар дастархандары, қайырымдылық, т. б. шараларды ұйымдастыру, тарауық намазын өткізу сияқты алуан түрлі қызметтердің үддесінен шығу үшін мешіт қызметкерлерінің құзғын таңнан келіп, келесі сәресі уақытында қайтатын кездері жиі болады.

Бас имам осындай сындарлы сәтте құлшылық ордасының қызметі үшін белсенділік танытып, іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық мешті қызметкерлеріне арнайы алғыс хат беріп, өз ризашылығын жеткізді.


Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.