Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Параға алған ақ түйе

0 606

Тұрлы деген болыс бір байдан параға ақ түйе алып, қасындағы атқосшысына жетектетіп, келе жатып, жолшыбай бір жоқ-жұқаналау ауылға түседі.

Ас үстінде отырған болыс Байсерке шешенге байлаулы тұрған түйесін көрсетіп, біраз мақтаныпты. Сонда Байсерке шешен:

–Аты шықпаған таудан,

Аты әйгілі төбе артық.

Бәйге алмаған тұлпардан,

Белі берік бесті артық.

Байламы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Мұнарланған күндізден,

Жұлдызды жарық түн артық.

Парадан алған түйеден,

Адалдан жиған ешкі артық, – депті отырған ел-жұрттың алдында.

Болыс ұяттан өртеніп, жер шұқып отырып қалған екен.

“Би-шешендер” кітабынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.