Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Досбол шешеннің айтқаны

0 450

Қыпшақ Досбол датқа қартайып, науқас болып жатқанда, болыс-билер көңілін сұрай келіпті.

Байсын деген соқыр болыс, Нұрмаш деген пұшық болыс, Саудағұл деген таз болыс бар екен.

Сонда болыстар айтыпты:

–Датқа-еке, бұрынғының арты едің, бүгінгінің қарты едің, әлде қалай боласыз, артыңда қалатұғын жандарға не айтып кетесің, ілгері өткендерге не айтып барасың? – депті. Сонда Досбол:

–Сендерге не айтайын, заман сендердікі, жұрт сендердікі, өз ақылдарың өздеріңе жетеді. Ілгергі өткендерге айтып баратын сөзім мынау: “Бақ деген сендер тірі күнде сұңқар еді, елде кімнің басы биік болса, соған қонушы еді. Сол бақ қартая-қартая қарашыбын болды. Қайда сасық болса, соған қонды. Соқырдың көзіне қонды, пұшықтың мұрнына қонды, таздың басына қонды!” деп барамын, – депті.

Мәшһүр Жүсіп шығармаланың 13-томынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.